Отбасын қолдау орталығы ашылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы «Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, аудан орталығы-Кеген ауылында
Отбасын қолдау орталығы ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Алматы облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ахметова Айгүл Матанқызы қатысты.
Аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы, Алматы облысының «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ахметова Айгүл Матанқызы құттықтау сөз сөйлеп, Отбасын қолдау орталығының жұмысына сәттілік тіледі.
Салтанатты түрде мекеменің лентасы қиылып, шашу шашылып, шара қатысушылары орталықтың жұмыс барысымен танысты.
Сондай-ақ, жаңадан ашылған орталыққа жаңа қызметтік көліктің кілті табысталды.
Мемлекеттік отбасы саясатын жүргізуге бағытталған орталықта өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдау бойынша жағдайлар жасалған. Мекемеде барлығы 10 қызметкер жұмыс істейді.
Жаңа ашылып жатқан орталық отбасылық құндылықтарды арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.