Кеген ауданының тұрғындарына!
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде.
Кеген ауданының әкімдігі ағымдағы жылдың 30 мамырында сағат 17:00-де Кеген ауданында және өңірдің барлық аудан орталықтарында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталатынын хабарлайды.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.
Кеген ауылында мына мекенжайы бойынша өтеді: Кеген ауылы халыққа қызмет кқрсету орталығы, Б.Момышұлы көшесі, 19 А.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.