Жағдай тұрақты

Жағдай тұрақты

2024 жылғы 30 наурызда сағат 15:50-де Іле ауданына қарасты Байкент округінде Ворошилов су қоймасының бөгеті бұзылды. Жағдай тұрақты. Жеке құрам дабыл қағып, оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аттанды.

Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасын бойлай, әрі қарай тоғандарға құяды, онда барлық шлюздер транзиттік режимде суды ағызу үшін ашық. Елді мекендерді су басу қаупін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қауіп-қатер жоқ.