Алматы облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Алматы облысы кәсіпкерлерінің назарына!

Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік cубъектілерінің қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру

 

Құжаттарды қабылдау: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі, 16/4;

Электрондық пошта мекен-жайы: invest_dpp@mail.ru;    

Толық ақпаратты:Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4, 6 қабат, 610 каб.; немесе байланыс телефондары арқылыбілуге болады: 87786369096;

Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және 79-4-бабының 1-тармағына сәйкес және  Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 28 қазандағы №773 Қазақстан Республикасының Үкіметі 2021 жылдың 09 қарашадағы №795 дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге арналған өтініштерді «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ қабылдайды.

Өтінім берілетін жер: «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2023 ж. «04» наурыздан бастап 2023 ж. «10» наурыз аралығында.

Өтінімдерді берудің басталу күні: 2022 ж. «04» наурыз.

Өтінімдерді берудің аяқталу күні: 2022 ж. «10» наурыз.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдауға жатпайтынын атап өтеміз.

Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе қағидалардың талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда ұйымдастырушы ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

 

Конкурстық құжаттамамен сіз мына сілтеме бойынша таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000773.