Алматы облысында заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру жағдайлары жиілеп кетті

Алматы облысында заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру жағдайлары жиілеп кетті

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

Соңғы уақытта өңірде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру жағдайлары жиілеп, бұл қоршаған ортаға, су ресурстарына және аймақтың экожүйесіне айтарлықтай зиян келтіруде.

Заң бұзушылар ауыр техниканы қажетті рұқсат құжаттарынсыз пайдаланып, табиғи ландшафттарды, өзен арналарын, егістік жерлерді, жол жиектерін және басқа да осал аумақтарды бұзып жатыр.

Егер сіз куә болсаңыз:

🔹 Рұқсат етілмеген жерлерде ауыр техниканың жұмыс істеуіне, атап айтқанда:

  • өзендер мен каналдардың арналарында және жағалауларында;
  • автожолдардың жиектерінде, ауыл аралық жолдарда;
  • егістік жерлерде, шабындықтар мен жайылымдарда;
  • ормандарда, сай-салада, жыраларда, төбелі аумақтарда;
  • ресми карьер немесе құрылыс алаңы деп белгіленбеген жерлерде (мысалы, қоршау мен ақпараттық тақтайша жоқ жерлерде);
  • табиғат қорғау аймақтарында және көпшілік пайдаланатын аумақтарда;

🔹 Рұқсат құжаттарынсыз жүргізіліп жатқан жер қазу немесе тау-кен жұмыстарына (мысалы, техникада компания логотиптері жоқ, қоршау мен ақпараттық тақтайшалар қойылмаған);

🔹 Құм, қиыршық тас, тас, топырақ немесе басқа да материалдардың үлкен көлемде ресми емес жолмен (мысалы, түнде, жеке жүк көліктерімен, арнайы таңбалаусыз) тасымалдануына —

Бізге дереу хабар беруіңізді сұраймыз!

📞 Жедел желі: 109
(Қоңырау шалу тегін. Жедел желі тәулік бойы жұмыс істейді.)

Назар аударыңыз! Сіздің әрбір хабарыңыз — экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алуға, туған өлкенің табиғатын сақтауға және кінәлілерді жауапкершілікке тартуға ықпал етеді.

Сергектігіңіз бен азаматтық белсенділігіңіз үшін алғыс білдіреміз!