Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы бойынша семинары

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы бойынша семинары

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған ҚР-да жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 5.2-тармағын іске асыру шеңберінде ҚР-да Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесіп ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқару тақырыбы бойынша Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Акчулакова Анара Мейрмаовна спикер ретінде, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ олардың аппараттарының қызметкерлері және облыстың жергілікті қоғамдастық жиналыстарының төрағалары үшін өткізілетін оқу-практикалық семинарға қатысты.

Семинар барысында "Мемлекеттік мүлік туралы" заңнама нормалары, аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық коммуналдық мүліктің үлгілік тізбесі, ауылдық округтің коммуналдық меншігіне иесіз объектілерді қабылдау рәсімі, сондай-ақ барлық мүлікке түгендеу жүргізу қажеттілігі және автокөлік құралдары бойынша белгіленген лимитті сақтау туралы түсіндірілді.

Кездесу соңында пікір алмасу өтті.