Алматы облысы әкімдігінде Алматы облыстық мәслихатының кезекті XXXVІI сессия отырысы өтті

Алматы облысы әкімдігінде Алматы облыстық мәслихатының кезекті XXXVІI сессия отырысы өтті

2025 жылғы 5 маусымында Алматы облысы әкімдігінде Алматы облыстық мәслихатының кезекті XXXVІI сессия отырысы өтті.

Мәслихаттың сессиясында қаралды:

  1. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі.
  2. Алматы облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының
    2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі.
  3. Алматы облыстық мәслихатының 2024 жылғы 18 желтоқсандағы
    № 31-160 «Алматы облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
  4. Алматы облысы бойынша салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуі туралы.
  5. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушыларын және мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымында болған кезеңде бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру үшін тамақтандырудың құнын бекіту туралы.
  6. Алматы облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 наурыздағы №35-187 «Алматы облысының «Алатау» өнірлік ипотекалық бағдарламасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. Алматы облысы әкімдігі жанындағы жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.
  8. Алматы облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы.
  9. Алматы облысының қандастарды қабылдау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы.