Ел қорғанысының бекемдігін сипаттайтын айрықша мереке – Отан қорғаушылар күні. 7 мамырда атап өтілетін рухты жігіттердің айтулы күні Қарасай ауданында дәл бүгін аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жағдайда атап өтілді. Игі шараға аудан әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, Қарасайлық ерлер қауымын құттықтады,

Ел қорғанысының бекемдігін сипаттайтын айрықша мереке – Отан қорғаушылар күні. 7 мамырда атап өтілетін рухты жігіттердің айтулы күні Қарасай ауданында дәл бүгін аудандық Мәдениет үйінде салтанатты жағдайда атап өтілді. Игі шараға аудан әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, қарасайлық ерлер қауымын құттықтады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мерекелік басқосуда алдымен сахна төрінде шекарашы, өрт сөндіруші, сарбаз сияқты жауапты жұмыстың тізгінін ұстаған жандардың бір күндік жұмыс барысы суреттелді. Одан кейін аудан басшысы Жасұлан Тоққожаұлы барлық қарасайлық азаматтарды құттықтап, олардың аудан дамуы жолында атқарып жатқан жұмыстарының еселі екенін айтты.

Аудан әкімі ізгі тілегін жеткізген соң, өз атынан бірнеше сала мамандарына Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті. Аудан басшысының ыстық ықыласына бөленгендердің қатарында қадірлі қариялар, түрлі бірлестік ұйымдардың жетекшілері, кәсіпкерлер, құқық қорғау органдарының, спорт пен білім, БАҚ саласының өкілдері және мемлекеттік қызметшілер болды.

Салтанатты шарада ер азаматтардың құрметіне аудан өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, әуезді әрі патриоттық әндер шырқады.