Аудан орталығында жүретін қалаішілік №1 автобустың бағыты өзгерді

Аудан орталығында жүретін қалаішілік №1 автобустың бағыты өзгерді

Аудан орталығында жүретін қалаішілік №1 автобустың бағыты өзгерді. Қарасай аудандық әкімдігі субсиядиялайтын қоғамдық көліктер жолаушыларға ыңғайлы болу үшін тағы бірнеше аялдамаға тоқтайды.

«Теремки-Қарлығаш» арасында қатынайтын автобустардың жүру сызбасының өзгерісі жайлы қызмет көрсетуші «Қаскелең автобус паркі» мәлімдеді. (Бағыт үлгісі келесі суретте)

Айта кетейік, бұл маршуртта жолаушылар үшін бекітілген жол ақысы – 80 теңге. Оқушылар үшін 50% жеңілдік қарастырылған, яғни, 40 теңге. Сонымен қатар, жол ақысын қолма-қол төлеуден бөлек, арнайы құрылғы арқылы банк карталарымен де, QR-код арқылы да төлеуге болады.