Астанада Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай «Конститу¬циялық реформа және сайлау жүйесі» атты екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Астанада Орталық сайлау комиссиясының 30 жылдығына орай «Конститу¬циялық реформа және сайлау жүйесі» атты екі күндік халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Іс-шараға 16 шет мемлекеттің орталық сайлау органының және 6 беделді халық­ара­лық ұйымың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Дүниежүзілік сайлау орган­дары­ның қауымдастығы, ЕҚЫҰ, ТМД Атқару комитеті, Парламентаралық одақ, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесі делегаттары келді.

Конференцияға сондай-ақ республи­ка­ның бірқатар мемлекеттік органының басшылары, Парламент депутаттары, ОСК жанындағы Сарапшылық кеңес­тің, Мүгедектігі бар адамдардың сай­лау құқықтарын қамтамасыз ету жө­нін­дегі жұмыс тобының, Жас сайлау­шылар клубының, аумақтық сайлау ко­мис­сия­ларының мүшелері, саяси пар­тия­лардың, ғылым, білім, қоғамдық ұйым­дардың, масс-медианың өкілдері қатысты.

Іс-шараның бірінші күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференция

Іс-шараның бірінші күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың конференцияға қатысушыларға арналған құттықтау хатын Президенттің кеңесшісі Ернар Баспаев оқып берді.

Мемлекет басшысы тәуелсіздік жылдарында еліміздің сайлау органдары дәйекті даму жолынан өтіп, мемлекеттік биліктің аса маңызды институттарын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосқанын атап өтті. Бұл органдар сайлау құқығына қатысты әлемдік деңгейдегі жоғары талап­тарды әрдайым сақтай білді. Сон­дай-ақ халықаралық серіктестермен ынты­мақтастықты нығайтып, қоғаммен ашық диалог орнатты. Мысалы, шетел­дің озық тәжірибесін ескере отырып, аумақтық комиссиялардың кәсіби дең­гейін көтеру, жұмысын жақсарту және оның әрбір мүшесінің мәртебесін ай­қындау үшін нақты шаралар қабылданды.

Сайлау тарихы туралы және Қазақ­станның кейінгі 30 жылдағы сайлау жүйе­сін дамытудың барлық кезеңін қам­титын көрме үлкен қызығушылық ту­дырды. Көрме материалдары конс­титу­ция­лық реформаның, сайлау заң­намасын жаңартудың негізгі эле­мент­терін көрсетеді, сондай-ақ миссия, пайым,­ құндылықтар, қағидаттар, мақсат, басымдықтар сияқты ОСК одан әрі дамуының стратегиялық негіздеріне назар аударады.

«2022 жылғы 5 маусымда өткен респуб­ликалық референдумда жалпыхалықтық қолдау тапқан Президенттің конститу­циялық реформасына тікелей байланысты сайлау заңнамасының іргелі жа­ңашылдықтары саяси жүйенің бүкіл конфигурациясын өзгертіп, сайлау кеңістігіне трансформациялық әсер ете отырып, қо­ғамдық қатынастардың жаңа дәуірі үшін жол ашты. Сайлау үдерістері арқылы аза­маттардың мемлекетті басқаруға қаты­суын кеңейтуге баса назар аударылды», деді ОСК басшысы.

Ол сондай-ақ комиссияның одан әрі дамуының стратегиялық перспективаларына және оның көзқарасы, миссиясы, құндылықтары, қағидаттары, мақсаттары, басымдықтары сияқты элементтерін анықтауға баса назар аударды. «Ал бұл элементтердің барлығы Сайлау туралы Конституциялық заңда айқындалған комиссияның мандатынан туындайды: ОСК – референдумдар мен сайлауды да­йын­дау және өткізу жөніндегі мемлекеттік сайлау органы», деді Н.Әбдіров.

Конференцияның тағы бір маңызды оқиғасы сайлау терминдерінің онлайн-сөздігінің тұсаукесері болды. Ол қазір ОСК election.gov.kz сайтында қолжетімді. Сөздіктің тұсаукесеріне түсініктеме бере отырып, профессор И.Әубәкірова бұл жай терминдер сөздігі емес екенін атап өтті. Сөздік жаңа терминдер мен ұғымдарды ескере отырып, үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады.

«Өйткені біздің ойымыз терминдер мен ұғымдардан тұрады, сондықтан терминдерді неғұрлым дұрыс түсінсек, соғұрлым дұрыс ойлаймыз. Еліміздегі сайлаудың қандай рөл атқаратынын ескерсек, бұл өте маңызды. Ол онлайн-сөздік азаматтардың, әсіресе жастардың, мәдениеті мен хабардарлығын дамытудың тағы бір көзі болады».

Екі күндік ғылыми-практикалық конференцияны қорытындылай келе, ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров іс-шараның ақпараттық бай негіздеріне көз жүгірте отырып, әлемде қолданылатын сайлау тәжірибелерінің, технологиялар мен жүйелердің алуан түрі бар екенін атап өтті. Сайлау құқығы институтының негізінде әмбебап қағидаттар болса да, олар егеменді мемлекеттерге өздерінің конституциялық сәйкестігі мен қоғамдық дамудың қазіргі кезеңдеріне сүйене отырып, өздерінің сайлау моделін құруға жеткілікті дәліз береді.

Болашақта Қазақстанның және бас­қа елдердің сайлау жүйелері қандай болады деген сұраққа жауап іздеу үшін пі­кірлестермен кәсіби диалог, халықаралық ын­тымақтастықты кеңейту арқылы әріп­тестермен және сарапшылармен сындарлы пікір алмасу аса маңызды. Бұл тренд міндетті түрде одан әрі дамиды.