«Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімі» меммлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау  

«Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімі»  меммлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау   

 «Қарасай ауданының экономика және қаржы бөлімі»

меммлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау

 

     «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының, 1-тармақшасына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының   2-тармағының, 3-1)-тармақшасына сәйкес, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну түрінде мемлекеттік қызмет  көрсету. 

Есеп мемлекеттік органдардың қызметінің анықтығын және есептілігін арттыру, мемлекеттік қызметті көрсету процесін жетілдіру мақсатында қалыптастырады.

2025 жылы экономика және қаржы бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер:

 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 4 тамыздағы №74 бұйрығына сәйкес, ұсынылған әлеуметтік қолдау шаралары:

  1. тұрғын үй сатып алу үшін 36 маманға 283 млн 104 мың теңге бюджеттік кредит төленді, оның ішінде:

       Білім беру саласындағы 30 маманға 235 млн 920 мың теңге;

       Денсаулық сақтау саласындағы 6 маманға 47 млн 184 мың теңге.

  1. 100 маманға 39 млн 320 мың теңге көтерме жәрдемақы төленді, оның ішінде:

      Білім беру саласындағы 58 маманға 22 млн 805,6 мың теңге;

      Денсаулық сақтау саласындағы 39 маманға 15 млн 334,8 мың теңге;

      Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2 маманға 786,4 мың теңге;

      Мемлекеттік қызметші 1 маманға 393,2 мың теңге.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету:

 

2025 жылға бекітілген медиа жоспарға сәйкес: газетте 1 мақала, аудан әкімінің сайтында 1 мақала жарияланып, 1 дөңгелек үстел өткізілді.

Бөлім тарпынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.

Халықты мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратпен құлақтандыру үшін бөлім көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі ілінген хабарландыру тақтасы бар.

Мемлекеттеік қызметтерді көрсету тәртібі Қарасай  ауданы әкімінің ресми сайтында, «Электронды үкімет» веб-порталында жарияланған.

Тиімділік бағасының критерилерінің бірі уақытылы сапалы қызмет көрсету болып табылады.

Есептік кезеңде 1 мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

         Сонымен қатар мемлекеттік қызметті көрсету барысында есепті кезеңде негізсіз қайтарылған, мерзімінен кешіктірілген  қызмет көрсетулер  бөлімде орын алмады.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі :

         Әлеуметтік сала (мәдениет, білім, денсаулық сақтау, спорт), агроөнеркәсіптік кешен мамандары және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне - Баспана Маркет жылжымайтын мүлік порталы otbasybank.kz сайты арқылы қызмет жүзеге асырылады. Кезектілікке қою туралы хабарлама немесе әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудан дәлелді бас тарту мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.  

        

         Экономика және қаржы бөлімі тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметтерді алушылардың қанағаттануын арттыру негізгі мақсат болып табылады.