
Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері!
Қарасай аудандық Ішкі саясат бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) 2026 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылатын жобалардың тақырыбын және техникалық сипаттамасын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылдайды.
Осы ретте, әлеуметтік жобалар бойынша ұсыныстарыңыз болған жағдайда 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін karasai_ovp@mail.ruэлектронды поштасына жолдауға болады. Жобаларды қалыптастыру барысында олардың мақсаты Басқарманың қызметіне сай болуын ескерулеріңізді сұраймыз. Жобалар қоса беріліп отырған үлгіге сәйкес қалыптастырылуы тиіс.
Сұрақтар бойынша 8/72770/29914 телефонына хабарласуға болады.
Жоба
2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Алматы облысының Қарасай ауданының үкіметтік емес ұйымдарының әлеуметтік маңызы бар жобаларының
ЖОБАЛЫҚ ҰСЫНЫСЫ
кімнен _____________________________________(қоғамдық ұйымның атауы, Т. А. Ә., байланыс телефондары)
|
Жоба атауы |
Қысқаша техникалық сипаттамасы |
|
Жоба атауы: ______________ Жоба сомасы (мөлшерлі шығын сметасына сәйкес) |
Жобаның мақсаты: _____________________________(2-3 сөйлемнен кем емес); Жобаның өзектілігі: _________________________ Жоба аясында өтетін іс-шаралар: (мысалы) Семинарлар, тренингтер, кездесулер (шаралардың саны, қатысушылардың саны, таратылатын материалдар: блокнот, қалам, имидждік материалдар (паук, банер т.б.), тренерлер немесе шараға шақырылатын қонақтар және т.б.); Конференция немесе «дөңгелек үстел» (шаралардың саны, қатысушылардың саны, таратылатын материалдар: блокнот, қалам, имидждік материалдар (паук, банер, LED-экран т.б.), қатысушылардың контингенті, сөйлеушілер туралы ақпарат, бейнеролик әзірлеу т.б.; Орталық ашу немесе қызмет бөлмесін ашу (консультанттардың саны, қауырт желін ұйымдастыру, имидждік материалдар т.б.); Бос уақыттағы шаралар, байқаулар, концерттер (қатысушылардың саны, таратылатын материалдар: блокнот, қалам, имидждік материалдар (паук, банер, фитодизайн, сыйлықтар т.б.), Флеш-мобтар немесе акциялар (қатысушылардың саны, таратылатын материалдар: блокнот, қалам, имидждік материалдар (паук, банер, футболкалар, бейсболкалар т.б.), Ақпараттық буклеттер, әдістемелік құралдар, флаерлар (саны, форматы, дизайн т.б.); Ұйымдастырушылық-тәжірибелік іс-шаралар т.б. БАҚ-та жариялау Жобаның іске асыру мерзімі: Мөлшерлі шығын сметасы (міндетті түрде): |
Ескерту: Бұл нысанға қосымшаларды қосу немесе өзгертуге болады.
Қоғамдық ұйымның жетекшісі __________________________________
М.П.