«Таза табиғат – ел көркі!» атты экологиялық кездесу Қарасай ауданында өтті

«Таза табиғат – ел көркі!» атты экологиялық кездесу  Қарасай ауданында өтті

«Таза табиғат – ел көркі!» атты экологиялық кездесу

 Қарасай ауданында өтті

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылданғанына 35 жыл толуына орай Алматы облысының Қарасай ауданында «Таза табиғат – ел көркі!» атты экологиялық бағыттағы ашық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өтті.

Басты мақсат – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау жауапкершілігін қалыптастыру және қоғамды табиғатты аялау қозғалысына жұмылдыру.

Кездесуге аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, еріктілер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар табиғатты қорғау, тұрмыстық қалдықтарды басқару, жасыл аймақтарды көбейту тақырыптарында пікір алмасты.

Шара барысында сөз сөйлеген Қарасай аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Сағат Ұлтарақынұлы Мәсімақынов экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі мерейлі күн – еліміздің тәуелсіздікке бет алған тарихи сәттерін еске түсіретін ерекше мереке. Туған жердің табиғатын сақтау – елге, болашақ ұрпаққа деген шынайы құрметтің көрінісі. Әр адам өз ортасын таза ұстауға атсалысса, ол – елге деген сүйіспеншіліктің белгісі», – деді ардагерлер алқасының төрағасы өз сөзінде.

Шара соңында қатысушылар табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларды қолдап, «таза қоршаған орта – таза сана мен жарқын болашақтың кепілі» деген ортақ оймен тарқасты.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan