«Таза Қазақстан»: Алматы облысында «Тазалық – тәртіппен мәдениеттің айнасы» акциясы өтті

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында «Тазалық – тәртіппен мәдениеттің айнасы» акциясы өтті

«Таза Қазақстан»: Алматы облысында «Тазалық – тәртіппен мәдениеттің айнасы» акциясы өтті

 

Алматы облысы Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында Республика күнінне орай республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Тазалық – тәртіппен мәдениеттің айнасы» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Акция тұрғындардың экологиялық сана-сезімін арттыруға, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға және тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясатты қолдауға бағытталған.

Іс-шараға 50-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында эковолонтерлер, жастар ұйымдарының өкілдері, қоғамдық белсенділер және жергілікті тұрғындар болды. Қатысушылар елді мекен аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазалап, жасыл көшеттер отырғызып, қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды ұқыпты пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында аудандық мәслихат депутаты Сунбеков Бекжан сөз сөйлеп, экологиялық мәселелерді шешуде қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті: «Бүгінгі тазалық акциясы — қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің көрінісі. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, туған жеріміздің көркеюіне үлес қосады. Әрқайсымыз тазалыққа атсалыссақ, ауданымыз да, еліміз де таза әрі әдемі болады», – деді депутат.

Нәтижесінде шамамен 2 тонна қоқыс жиналып, 8-ден астам техника жұмылдырылды. Мұндай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan