Дарынымен дараланып, талантымен талайды тамсандырған мәдениет пен өнер қызметкерлерінің бүгін – кәсіби мерекесі.

Дарынымен дараланып, талантымен талайды тамсандырған мәдениет пен өнер қызметкерлерінің бүгін – кәсіби мерекесі.

Дарынымен дараланып, талантымен талайды тамсандырған мәдениет пен өнер қызметкерлерінің бүгін – кәсіби мерекесі. Айтулы күннің қарсаңында Қарасай жерінің сән-салтанатын айшықтап жүрген өнер өкілдері аудан әкімінің алғысына бөленді.

Қарасай ауданының мәдениет майталмандары мен өнер адамдарына арналған салтанатты жиын аудандық әкімдікте өтті. Мерекелік басқасуда алдымен аудан әкімі Жасұлан Естенов сөз сөйлеп, Қарасай ауданының мәдениеті мен өнер саласына сүбелі үлес қосып, дамыту жолында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ аудан басшысы дәл осы салада атқарылып жатқан жұмыстардың ретіне тоқталып, болашақта жүзеге асатын бастамаларға сенім білдірді. Одан кейін Жасұлан Тоққожаұлы өз атынан ауылдық мәдениет үйлердің басшылары мен басқа да қызметкерлерін, кітапхана, музей сияқты мекемелердің өкілдеріне құрмет көрсетіп, Алғыс хаттармен марапаттады.

Одан бөлек аудан басшысы кәсіби мерекеге орай жалпы аудан өнерпаздарына деген ізгі ілтипатын білдіріп, қаржылай сыйақы табыс етті. Оның сертификаты өнер мен мәдениеттің көшін алға сүйреп жүрген Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күлжан Дүйсеноваға табыстады.
Өнер өкілдерінің мерекелік басқосуы биыл 100 жылдығы тойланып жатқан Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнімен түйінделді.