«Іле ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау

«Іле ауданы ауыл шаруашылығы бөлімі»  мемлекеттік мекемесінде  2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау

ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығы бойынша Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және-жол құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес көсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  • Машиналарды тіркеу;
  • Машиналарды қайта тіркеу;
  • Тіркеу құжатының телнұсқасын және (немесе) жаңа нөмірлік белгіні алу;
  • Ауыл шаруашылығы техникасы туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).

ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығы бойынша Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

  • машиналарды кепілге қою.

ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығы  бойынша Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидасын сәйкес көрсетілетін мемлкеттік қызмет:

  • Машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу.

ҚР АШМ-нің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығы бойынша Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидасына сәйкес көрсетілетін қызметтер:

  • "А", "В", "Г", "Б" және "Д" санатындағы тракторшы-машинист куәлігін алу;
  • "Қаршаналарды, квадроциклдерді жүргізуге рұқсат етіледі" деген жазуы бар тракторшы-машинист куәлігін алу;
  • Тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру;
  • Тракторшы-машинист куәлігінің телнұсқасын алу;

2024 жылы бөлімде жоғарыда аталған қызметтер бойынша  барлығы 757 қызмет көрсетілді, оның ішінде тракторист машинст куәілігі берілгені 36, таркторист машинист куәлігін ауыстыруға 42, машинаны тіркеу 351, машинаны қайта тіркеу 10, машинаны есептен шығару 194, машинаны кепілге қою 21, машинаны техникалық қарау 103 қызмет көрсетілді.