«Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі есебін жария талқылау
«Іле ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 301 бұйрығына сәйкес, «Электрондық үкімет порталы» және бөлім кеңсесі арқылы барлығы 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
-«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мемлекеттік қызмет бойынша барлығы - 6275 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға — 5835 қызмет, заңды тұлғаға – 440 қызмет;
-«Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызмет бойынша - 276 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға - 258 қызмет, заңды тұлғаға –18 қызмет;
-«Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату» мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша - 481 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға - 435 қызмет, заңды тұлғаға –46 қызмет көрсетілді.
-«Жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет бойынша – 152 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаға — 146 қызмет, заңды тұлғаға -6 қызмет көрсетілді.
2024 жылға бекітілген медиа жоспарға сәйкес: газетте 2 мақала жарияланды.
Мемлекеттік мекеме тарапынан тиісті нормативтік құжаттар қабылданған, мемлекеттік қызметті көрсетуге, жинақтауға жауапты тұлғалар бекітілген.
Халықты мемлекеттік қызметтер туралы ақпаратпен құлақтандыру үшін мемлекеттік мекеме көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі ілінген хабарландыру тақтасы бар.
Тиімділік бағасының критерилерінің бірі уақытылы сапалы қызмет көрсету болып табылады.