ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Ағымдағы жылдың 2 мамыр күні Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев Қараой және Байсерке ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысының «Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесулерге мәслихат төрағасы, әкімнің орынбасарлары, бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының басшылары да қатысты.

Алдымен, Қараойда өткен басқосуда аудан әкімі аудан деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Тұрғындар тарапынан, мәжіліс залында 10 адам 15 сұрақ көтерді. Олар:  «Алма» саяжай кооперативіне кіреберіс жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу; жағымсыз иіс мәселесі; Н.Тілендиев ауылындағы тәлімбақты жабу; ауылға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, бейнебақылау орнату; Сұлу сай көшесін жөндеу; «Ворошилов» су қоймасының салдарынан  жаяу жүргіншілер көпірін қайта қалпына келтіру және т.б.

Қараой округінің тұрғындарынан аудан әкімінің жеке қабылдауына 12 адам қатысты. Сұрақтар: жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру; тұрғын үй беру; шаруа қожалығына алған жер телімін рәсімдеу мәселелерін қамтыды.

Дәл осындай форматтағы кездесу Байсерке ауылдық округінде де өтті.

Байсерке ауылдық округінде залдан 7 адам 10 сұрақ көтерді. Олар: Жаздыгүні ауызсу тапшылығы; №12 орта мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу; Жаңа құрылыс аймағындағы көшелерге түңгі жарық бағаналарын  орнату; қоғамдық көліктер санын көбейту; жаңа жол белгілерін орнату; Қарасу көшесінің жолын жөндеу және т.б мәселелер.

Жиыннан соң, аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен 6 адам жүгінді. Көтерілген сұрақтардың басым көпшілігі, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін беру мен тұрғын үй беру, сондай - ақ, жер телімін рәсімдеу мәселелері.

Барлық көтерілген мәселелер қатаң қадағалауда болады.