«КИЕЛІ МЕКЕН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«КИЕЛІ МЕКЕН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПТАЛЫҒЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Алматы облысы Іле ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында, «Киелі Мекен» экологиялық акция апталығы аяқталды.

Бұл жолы Іле ауданының тұрғындары тарихи орындар мен мәдени ескерткіштерді ретке келтірді.

Оған барлығы 6 мыңнан астам адам қатысты. Сенбілікке 115 арнайы техника тартылып, 9,994 гектар жер қоқыстан тазартылды.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 6 сәуірде басталып, 11 мамырға дейін жалғасады. Акция аясында тарихи-мәдени ескерткіштерде, ардагерлер үйлерінде сенбіліктер өткізу және жаппай ағаш отырғызу жоспарланған.