ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА, СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА, СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Іле ауданында «Таза Қазақстан» науқаны аясында, сенбілік ұйымдастырылды

Ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына мемлекеттік қызметшілер, аyдандағы мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлер мен жастар қатысты.

Акцияға қатысқан азаматтар әр елді-мекендегі белгіленген аумақтарды тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан тазартып, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.

Жалпы «Таза Қазақстан» республикалық науқанының бірінші аптасына  Іле ауданы бойынша 7 мыңға жуық адам қатысты. Шығарылған қоқыс көлемі - 105.05 тонна.  Тазаланған аумақ көлемі - 155.3 гектарды құрады. Аудан бойынша 79 бірлік техника жұмылдырылды.