ІЛЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХІІ СЕССИЯСЫ

ІЛЕ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХІІ СЕССИЯСЫ

Іле аудандық мәслихатының кезекті ХХІІ сессиясы

10 сәуір күні Іле аудандық мәслихатының кезекті 22-ші сессиясы болып өтті. Сессия алдында тұрақты комиссия отырысында сұрақтар талқыланып, сессия қарауына шығарылды.

Тұрақты комиссия отырысында аудандық мәслихаттың 2024 жылға жұмыс жоспарына сәйкес, отырыс қарауына қойылған сұрақтар аясында, атап айтсақ, «7-20-25» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Іле ауданында іске асырылуы, Іле ауданында мемлекеттік қызметтер сапасының жағдайы және Іле ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2023 жылы атқарған жұмысы  туралы жауапты бөлім басшылары мен Іле аудандық мәслихатының аталған сұрақтарға құзыретті тұрақты комиссия мүшелерінен құрылған жұмыс топтарының анықтамалары тыңдалды.

Кезекті сессияның  күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралды:

 

1.Аудандық мәслихат төрағасының 2023 жылы мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстары туралы есебі.

 

  1. Тұрақты комиссия төрағаларының өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі.

 

  1. Байкент ауылдық округінің әкімі А. Калиевтің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі.

 

  1. Іле ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерін бекіту туралы.

 

  1. Іле аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.

 

  1. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру бағытында атқарылған жұмытар туралы ақпарат

 

Сессия аяқталған соң, Қазақстан Республикасының Салық кодексін түсіндіру бойынша, Іле ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшыларының қатысуымен депутаттық оқу өткізілді.