ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАҒДАТ ҚАРАСАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮНДЕУІ

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ БАҒДАТ ҚАРАСАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҮНДЕУІ

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаевтың Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына үндеуі.

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

Алматы облысындағы іргелі ауданның бірегейі, ортақ үйіміз – ауданымыздың тазалығын сақтап, өзіміз өмір сүріп, ауасын жұтып отырған қоршаған ортамызды қорғаудың маңызы зор. Сол себепті, сіздерді елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталғанын хабарлай отырып, «Таза аула – таза аудан» ұранымен тарихы терең, шежірелі Іле өңірінің тазалығын сақтауға атсалысуға шақырамын.

Құрметті жерлестер, бұл тек бір сәттік шара емес. Ең біріншіден, біз тазалық жүргізу арқылы өзіміз тұратын өңірді қоқыстан тазартсақ, екіншіден, жас ұрпаққа сөзбен емес, ісіміз арқылы туған жерді құрметтеуге үлгі боларымыз анық. «Тазалық – иманның жартысы» деп атамыз қазақ айтқандай, елінің ертеңін ойлайтын азамат ретінде жас ұрпаққа, келешек буынға таза экологиялық ауылды мұра ету – біздің парызымыз.

«Ауылына қарап азаматын таны» демекші, сырттан қараған сыншыл көз ауылымызға қызыға қараса, біз үшін мақтаныш болар еді. Осы ретте, өскелең ұрпағымыздың дені сау болсын десек, барша тұрғындарды, әр түрлі сала қызметкерлерін, кәсіпкерлерді, білім алушыларды ауданымыздың таза тұруына атсалысуға шақырамын. Жұдырықтай жұмылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, республикалық тазалық акциясына қатысып, табиғат ананы қорғауға үлес қосайық!