Аудан әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, тиісті ауылдық округ әкімдері қатысты. Қабылдауға 16 адам жазылып, өтініштерін білдірді.

Өтеген батыр, Байсерке, Ащыбұлақ, КазЦИК, Ақши  ауылдарынан  қабылдауға келушілер негізінен- тұрғын үй, жер телімін алу, әлеуметтік сала, инфрақұрылым мәселелерімен жүгінді.

Аудан әкімі азаматтардың әрқайсысын тыңдап, мәселенің заңдылығын жан-жақты түсіндіріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.