1 қараша 2023 жылы Іле ауданы Өтеген батыр ауылы, №24 гимназияның мәжіліс залында «Бірлік пен келісім - Қазақстан дамуының негізі» атты тақырыпта кездесу өтті.

1 қараша 2023 жылы Іле ауданы Өтеген батыр ауылы, №24 гимназияның мәжіліс залында «Бірлік пен келісім - Қазақстан дамуының негізі» атты тақырыпта кездесу өтті.

Кездесуге Алматы облыстық əзербайжан этномəдени бірлестігінің төрайымы, ҚХА мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері, ғалым Асылы Осман Әлиқызы, тарих ғылымдарының докторы, «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің басшысы  Жанат Ерекенқызы Сманқұлова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алиева Айкерім Сансызбайқызы, аудандық ақпарат-насихат тобының мүшелері, ЭМО-тың жетекшілері ,мүшелер, аналар, ақсақалдар кеңесінің төрағалары , аудан тұрғындары, жастар қатысты.

             

АСЫЛЫ апай өз сөзінде «ҚАЗАҚ ЕЛІ ата-бабасынан келе жатқан əдет-ғұрып, салтты сақтай келе баршаның баласын бауырына басып Ассамблеяны құрып, əрбір ұлттың өкіліне еркіндік, теңдік беріп, əркім өзінің тілін, əдебиетін, мəдениетін, əдет-ғұрпын сақтап отыр.. Осы қай елде бар. Сондықтан, өзге ұлт өкілдері сол қайырымдылыққа қайтарым жасау – Құдай алдында да, халықтың алдында парызымыз»-деді.

            Байсерке ауылдық анқсақалдар кеңесінің төрағасы Магай Юрий Васильевич: «қиын да қасіретті жылдары жалғыз əзербайжандарды ғана емес, қаншама ұлттың өкілдерін қазақ топырағына еріксіз айдап əкелді.. Бірақ бізді еріксіз айдап əкелгенмен, еркін өмір сүргізген қазақ халқы ғой. Біз Қазақстанда тұрғанымызды мақтан етемін Сол кезде өздері де бір үзім нанға, бір баспанаға зар болып отырса да, бір бөлме үйі болса бұрышын берді,. Жартыны жарып, бүтінді бөліп бізді паналатты, əрі бауырына басты»–деді.

Кездесу жанды қарым-қатынас және өзара қызығушылық атмосферасында өтті, спикерлер кездесу қатысушыларының сұрақтарына жауап берді