Алматы облысына жұмыс сапары барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев кәсіпорындар, әлеуметтік мекемелер ұжымдарымен, ҮЕҰ өкілдерімен және жұртшылықпен кездесті.
Жемістер мен жидектерді өсіруге, сақтауға және терең өңдеуге маманданған Іле ауданының "Fruit Art" ЖШС-не барған кезде О.Ордабаев тұрақты жұмыс орындарына оқыту және одан әрі жұмысқа орналаса отыру үшін осындай ірі компаниялармен жұмыс істеу қажеттігін, сондай-ақ микрокредиттер мен гранттар алатын тұлғалар үшін зәкірлік жоба ретінде айқындауды атап өтті.