Междуреченск ауылдық округі әкімі сайлауының қортынды ХАБАРЛАМАСЫ

Междуреченск ауылдық округі әкімі сайлауының қортынды ХАБАРЛАМАСЫ

2023 жылғы 24 қыркүйекте Междуреченск ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

  Іле аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Іле ауданы Междуреченск ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 11062 азамат енгізілді, олардың  7545-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, «барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылғандар – 576.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ерболатұлы С. – 731; Жұмаділова Ұ.Б. – 577; Туреев Б.К. – 5661.

Междуреченск ауылдық округі әкімі болып Туреев Бақыт Қадырбекұлы сайланды, 1977 жылы туған, Қараой ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарады, Іле ауданы Қараой ауылында тұрады, «Amanat» партиясы ұсынған.

  Іле аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы «25» қыркүйектегі шешімімен 2023 жылғы 25 қыркүйек сайланған Іле ауданы Междуреченск ауылдық округі әкімін тіркеді.