Құрметті ата-аналар, оқушылар!

Құрметті ата-аналар, оқушылар!

Жаңа оқу жылының қарсаңында кәмелетке толмағандарға қатысты және олардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын-алу, буллинге жол бермеу, сондай-ақ жол ережесін сақтау прокуратура органдарының қатаң бақылауында екенін еске саламыз.

Осы ретте аудан прокуратурасы жаңадан ашылған білім беру мекемелерінде дәріс сабақтар өткізуде.​

Сонымен қатар кездесу барысында аудан прокуратурасының қызметкерлерімен оқушыларға QR-кодтың ерекшелігі мен оны қолдану тәсілдері түсіндірілді.

Айта кетсек, платформаның жұмысы өте қарапайым. Яғни, аудан прокуратурасының «Instagram»-дағы аккаунтына кіру, смартфон камерасын QR-кодтарына бағыттау және хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Содан кейін сигнал дереу прокуратура қызметкерлеріне талдау жене жедел әрекет ету үшін туседі.

Барлық хабарламалар құпиялықты қамтамасыз ете отырып, анонимді түрде біздің байланыс желілерімізге хабарлауға мүмкіндік береді және бұл QR-код консультативтік және құқықтық көмек көрсету үшін де пайдаланылуы мүмкін екенін ескертеміз.