1 маусым-балаларды қорғау күні!

1 маусым-балаларды қорғау күні!

Аудан тұрғындары мен бүлдіршіндер наразына!

Ертең Өтеген батыр ауылындағы Арбатта, сағат 11:00-де “1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне” арналған мерекелік іс-шара өткізіледі.

Салтанатты шарада кішкентайларға арналған концерттік бағдарлама көрсетіліп, ертегілер әлемінің кейіпкерлерімен бірге спорттық ойындар ойнатылады. Сондай-ақ, арнайы көрмелер де ұйымдастырылмақ.

Бұдан бөлек, 1 мен 5 жас аралығындағы балаларға батут пен көптеген ойыншықтар (11-00 мен 12-30 аралығында) тегін болады. Сондай-ақ балаларға тегін балмұздақ таратылады.

Баршаңызды мерекелік шараға келіп, көңіл көтеруге шақырамыз!