Су тасқынына дайындық

Су тасқынына дайындық

Көктемгі су тасқынына дайындық мақсатында Іле ауданы Өтеген батыр ауылында оқу-жаттығулар өткізілді.

Іс-шараға Іле ауданы әкімінің орынбасары Серікжан Ибраев, округ әкімі Қанат Рахимов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жауапты мамандары қатысты. Оқу-жаттығу барысында жабдықтар мен техника, сорғы құрылғылары және жеке құрамды даярлау пысықталды.

Арнайы тактикалық жаттығулардың мақсаты-су тасқыны кезінде жедел әрекет ету, сондай-ақ кез-келген төтенше жағдайға дайындық.