Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық әйелдер күні

Құрметті ханымдар!
Ардақты аналар, әпке-қарындастар!


Баршаларыңызды келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – мейірім мен жылулықты, махаббат пен ізгілікті бойына дарытқан ақ жаулықты әжелердің, ардақты аналардың, аяулы қыздардың күні.
Сондықтан да, Сіздердің төл мерекелеріңіздің осы мезгілде белгіленуі тегін емес. Өйткені әйел – тіршіліктің тұтқасы.

Тұтас ұлтты тәрбиелеп, халықты қалыптастырып, мемлекетімізді баянды етуге мол үлес қосқан аналарымыздың игілікті ісін әрқашанда құрметтейміз! Өздеріңіздей жүрегі ақ, нәзік сезімді бойына жиған, ел патриоты болып табылатын азаматшаларға ауданның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына, әрқайсыңыздың қызмет етіп отырған саланы жетілдіруге қосып жүрген ерен еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.


Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құятын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің қашан да орны бөлек. Себебі аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.


Баршаңызды тағы да осы атаулы мерекмен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, береке - бірлік тілеймін!

Ізгі ниетпен, Іле ауданының әкімі Қарасаев Бағдат!