Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

Құрметті Іле ауданының тұрғындары!

Бүгін көктемнің бірінші күні - «Алғыс айту күні».

Сіздерді  1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі.

Біз ауданымыздың тұрғындарына алғыс айтамыз. Ел бірлігінің ұйытқысы болған ауыл ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымызға алғыс айтамыз. «Отан отбасынан басталады» - демекші үлкен Отанды отбасынан құраған отбасындағы мүшелерімізге алғыс айтамыз. Білім берген ұстаздарға, денсаулық  жанашырлары дәрігерлерге, адам өмірінің маңыздылығына мән беріп жүрген түрлі сала өкілдеріне алғысымыз шексіз.  

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде барша қазақ еліне бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен, аудан әкімі Қарасаев Бағдат!