ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫН ІСКЕ ҚОСТЫ

Құрметті аудан тұрғындары. Егер сізде көгілдір отын мәселесі туындаса, тікелей осы нөмірлерге хабарласуға болады.

Бірыңғай байланыс орталығы (ББО) тұтынушылардың өтінімдерін тезірек өңдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ операторларына жүктемені азайтады. ББО арқылы тұтынушы сұрағына жедел жауап беру, тиісті маманмен тез байланыстыру, WhatsApp пен Telegram желілеріне хабарлама қалдыру мүмкіндіктері жолға қойылды.

Сіз Бірыңғай байланыс орталығына 5169 бірыңғай нөмірі арқылы, сондай-ақ WhatsApp және Telegram арқылы 8-777-121-26-26 нөмірімен хабарласа аласыз.

Кіріс қоңыраулары арқылы тұтынушының мәселесін шешу үшін өтінімдер тіркеледі. Тұтынушыны қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріледі. Келіп түскен хабарламалар мен қоңыраулар бірыңғай байланыс орталығында есепке алынып, талдау жүргізіледі. Сонымен қатар, автоматты интерактивті өзара әрекеттесу жүйесін (IVR) пайдалану – уақытты үнемдеуге және компанияның басқа бөлімдерімен жедел өзара байланысуға мүмкіндік береді.