«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: Іле ауданының Байсерке ауылдық округінде кезекті ауқымды сенбілік өтеді

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: Іле ауданының Байсерке ауылдық округінде кезекті ауқымды сенбілік өтеді

Іле ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және абаттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында 2 шілде күні сағат 15:00-де аудан көлемінде кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылады.

Акция барысында Байсерке ауылындағы зиратқа баратын жолдың оң жақ бөлігі мен Кіші Алматы өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылып, абаттандыру және көркейту жұмыстары жүргізіледі.

Барша аудан және ауылдық округ тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосып, игі бастамаға белсенді қатысуға шақырамыз!

📅 2 шілде 2026 жыл
🕒 Сағат 15:00

Тазалық – ортақ іс, ортақ жауапкершілік!🌿