Заң үстемдігі – тұрақты қоғамның басты кепілі

Заң үстемдігі – тұрақты қоғамның басты кепілі

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Келісім мен заң үстемдігі – тұрақты қоғам негізі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шараға Алматы облысынан арнайы келген сарапшылар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медиаторлар, Ақсақалдар кеңесінің өкілдері және қоғам белсенділері қатысты.

Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдық келісімді сақтау, медиация институтының маңызы және бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі жан-жақты сөз болды.

Шара сұрақ-жауап форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша мамандардан нақты жауаптар алды.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға және заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды алаң болып табылады.