«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: Іле ауданында кезекті ауқымды сенбілік өтеді

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ»: Іле ауданында кезекті ауқымды сенбілік өтеді

Іле ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және абаттандыру жұмыстарын күшейту мақсатында 25 маусым күні сағат 15:00-де аудан көлемінде кезекті «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырылады.

Тазалық шарасы барысында қоғамдық орындар, көшелер, саябақтар мен әлеуметтік нысандардың аумақтары қоқыстан тазартылып, көркейту жұмыстары жүргізіледі.

Барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаның тазалығына үлес қосып, акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

📅 25 маусым 2026 жыл
🕓 Сағат 15:00

Тазалық – ортақ іс, ортақ жауапкершілік!