
Іле ауданында Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілер арасында «Әкім кубогы – 2026» аудандық пікірсайыс турнирі өтті.
Зияткерлік дода мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға, шешендік қабілетін дамытуға, құқықтық мәдениетін нығайтуға және заманауи басқару дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Турнирдің ашылуында Іле ауданы әкімі аппаратының басшысы Данияр Сарымбеков сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтегі білім, жауапкершілік және азаматтық ұстанымның маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ділмұрат Сунатиллаев, аудан прокуратурасының прокуроры Әзілхан Нұрқалиұлы және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
Пікірсайыс барысында қатысушылар заң үстемдігі, тиімді басқару, мемлекеттік қызметтің беделі және қоғам алдындағы жауапкершілік тақырыптарында өз көзқарастарын білдіріп, сыни ойлау мен талдау қабілеттерін көрсетті.
Тартысты өткен дода қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Өтеген батыр ауылдық округі;
🥈 ІІ орын – Ащыбұлақ ауылдық округі;
🥉 ІІІ орын – Байкент ауылдық округі иеленді.