«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады

«Ашық есік күні»:  БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады

2026 жылдың 28 сәуірінде «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. 

Іс-шара тақырыбы: "БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат".

 

Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:

  • платформа қалай жұмыс істейді;
  • зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
  • инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
  • басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
  • өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
  • салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.

Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар білікті мамандардан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына ақыл-кеңес ала алады. 

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. 

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз

 

10.00 -11.00 орыс тілінде өтеді.

Уақыты мен күні: сейсенбе, 28 сәуір 2026ж. 10:00 (UTC+05:00) Астана

Еvent-кездесу нөмірі: 2515 135 9887

Еvent-кездесу құпиясөзі: 102804

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=md6dd6c4a1d4ee7526ef92af3b21aac13

 

12.00 -13.00 мемлекеттік тілде өтеді.

Уақыты мен күні: сейсенбе, 28 сәуір 2026ж. 12:00| (UTC+05:00) Астана

Еvent-кездесу нөмірі: 2513 689 6809

Еvent-кездесу құпиясөзі: 122804

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m6a20a15eaa43a2592423747997459671

 

14.00 -15.00 орыс тілінде өтеді.

Уақыты мен күні: сейсенбі, 28 сәуір 2026ж. 14:00| (UTC+05:00) Астана

Еvent-кездесу нөмірі: 2510 513 7557

Еvent-кездесу құпиясөзі: 142804

Қатысушыларға арналған еvent-кездесудің мекенжайы:

https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=ma36c2bee1656acea2a2988311d6e3745