«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»

«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла»

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен әлеуметтік тапсырыс аясында "Іле мұрагер" ҚБ ұйымдастыруымен «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» атты аудандық жыр мүшәйрасы өткізілді. Қазақ поэзиясының бастауы, «Қазақтың бас ақыны» атанған Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, педагог қызметкерлердің өлеңге деген құштарлығын арттыру, шығармашылық әлеуетін көтеру және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, мәнерлеп оқу шеберлігін дамыту, Абайдың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпақтың санасында жаңғырту және тәуелсіз елдің дарындарын қалыптастыру, талантты ұстаздарды анықтау мақсатында өткізілген байқау қорытындысы бойынша Хаутайқызы Алтыншапақ І орын, Зәуренбекова Шынар ІІ орын, Сандуғаш Мағрипа ІІІ жүлделі орынға ие болып,жеңімпаздар аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен және қаржылай сыйлықпен марапатталды. Шараның өтуіне қолдау білдірген аудандық білім бөліміне алғыс білдіреміз!