Хабарландыру

Хабарландыру

Алматы облысы прокуратурасымен бекітілген құқық бұзушылықтардың алдын алу және криминогендік жағдайды жақсартуға бағытталған Жол картасын іске асыру аясында Іле ауданы прокуратурасы жергілікті атқарушы органдар және аудандық полиция бөлімімен бірлесіп азаматтарды көшпелі қабылдауын өткізеді.

Қабылдау барысында тұрғындардың құқықтық мәселелері қаралып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

 

Өтетін орны: Іле ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залы, мекен жайы: Өтеген Батыр ауылы З. Батталханов көшесі №8

Күні: 2025жылғы 3 қыркүйек

Уақыты: 15:00

Барлық аудан тұрғындарын азаматтарды қабылдауға қатысуға шақырамыз.