Мерзімді әскери қызметін абыроймен өтеп, жоғары жауынгерлік көрсеткіштерімен көзге түскен жастарға мемлекеттік білім гранттарының сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Бұл гранттар Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді.
Сертификаттарды Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов өз қолымен табыстап, Отан алдындағы борышын адал атқарып, жоғары нәтижелер көрсеткен сарбаздарды құттықтады.
📌 Жалпы Іле ауданы бойынша 32 жас мемлекеттік білім грантының иегері атанды.
Олардың қатарында:
🔹 Жылқыбай Нұрлы – Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
🔹 Әбдреш Жасұлан – Astana IT University
🔹 Сейілханов Бекарыс – Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты
Бұл – әскери борышын абыроймен өтеген жастарға мемлекет тарапынан берілген үлкен мүмкіндік.