«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өтеді.
Алматы облысының әкімдігі ағымдағы жылдың 30 мамырында сағат 17:00-де Қонаев қаласында және өңірдің барлық аудан орталықтарында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы басталатынын хабарлайды.
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, “Параграф” ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.
Іле ауданында мына мекенжайы бойынша өтеді: Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Титова көшесі, Арбат.
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.