

Іле ауданында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне арналған кеңейтілген жиын өтті.
Басқосуда жаңа Конституцияның тарихи маңызы, заң үстемдігін нығайтудағы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі жан-жақты талқыланды.
Жиын барысында жаңа Конституцияның мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтуге және азаматтардың ел өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды құқықтық негіз екені атап өтілді.
Сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз ету, Конституция қағидаттарын кеңінен насихаттау және азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.
Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік құқықтық негізі, ал оны жүзеге асыру – баршамызға ортақ міндет.