Қонаев қаласында Алматы облысы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы жетекшілік еткен жоспарлы жұмыс кеңесі өтті. Жиын барысында қаланың Кешенді даму жоспарын (КДЖ) іске асыру мәселелері, соның ішінде жылу, су және энергиямен қамту салаларындағы жобалардың орындалу барысы талқыланды.
Кеңес барысында инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын және жаңғыртылуын мерзімінде аяқтау, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ведомствоаралық үйлесімділіктің маңыздылығы мен туындаған мәселелерді дер кезінде шешу қажеттілігі атап өтілді.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мамандар мен мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді. КДЖ-ны жүзеге асыру Қонаев қаласының тұрғындары үшін өмір сүру сапасын арттырып, өңірдің әкімшілік орталығы ретінде тұрақты дамуына мүмкіндік беретіні атап өтілді.