
Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының, қоғамдық кеңестің өкілдері, Қарасай ауданының депутаттары, «Алматы Газ Сервис Холдинг» газ шаруашылығының, төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының, «Алматы ОблГаз Engineering» мекемесінің, сондай-ақ «Талғар жылу» ШЖҚ МКК өкілдері кездесуге қатысты.
Кездесудің мақсаты – орталықтандырылған жылу жүйесіне, атап айтқанда, блокты-модульді қазандыққа қосылудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Кездесу барысында тұрғындарға қазандықтың жұмыс істеу принциптері, орталықтандырылған жылуға қосылудың артықшылықтары, сондай-ақ жылу тарифтерінің шамамен мөлшері түсіндірілді. Биылғы жылы пәтерлердің шекарасына дейін ішкі инженерлік желілерді жеткізу және тұрғындарды блокты-модульді қазандықтарға қосу жоспарлануда.