Алматы облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру жалғасуда

Алматы облысында энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру жалғасуда

Алматы облысында «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жобаның негізгі мақсаты – инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, желілердің тозу деңгейін төмендету, коммуналдық қызметтердің сенімділігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

Бүгінгі таңда облыс бойынша 25 жоба әзірленіп, оның 15-і МЭКС электрондық платформасына орналастырылды.

Жобалар коммуналдық инфрақұрылымның негізгі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда:

– сумен жабдықтау;
– су бұру;
– жылумен жабдықтау.

Аталған бағыттар аясында қолданыстағы инженерлік желілерді қайта жаңғырту және жаңарту жұмыстары көзделген. Бұл коммуналдық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы жобаларды сүйемелдеу, табиғи монополия субъектілерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қажетті материалдарды МЭКС платформасына уақтылы орналастыру жұмыстарын жалғастыруда.