Алматы облысында «Алматы ОблГаз Engeneering» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Алматы облысында «Алматы ОблГаз Engeneering» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті 2026-2030 жылдарға арналған газ тарату құбырлары арқылы тасымалдау қызметі бойынша тариф пен тарифтік сметаны бекіту бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.
Жария тыңдау тарифті бекітуге немесе өзгертуге өтінімді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады. Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірлерін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған.


Жария тыңдау:
2026 жылғы 12 мамырда сағат 11:00-де Жамбыл ауданы Б. Қыдырбекұлы ауылы Тұраш к-сі 50, Mәдениет үйі мекен-жайы бойынша, сондай-ақ онлайн Facebook https://www.facebook.com/profile.php?id=100086094575290; 
2026 жылғы 12 мамырда 15:00-де Талғар ауданы Еламан ауылы Зеленая к-сі 12 үй, №41 орта мектеп мекен-жайы бойынша, сондай-ақ онлайн Facebook https://www.facebook.com/profile.php?id=100086094575290; 
Департамент тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырылады.
Анықтама үшін телефон: 8 707 3953330.