
Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі қаулысына сәйкес, Талғар ауданының коммуналдық меншігіндегі «Талғар жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Алматы облысының коммуналдық меншігіне қабылданды.
Аталған қаулы негізінде кәсіпорынның атауы «Алматы облысының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Алматыоблжылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып өзгертілді.
Кәсіпорын өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалғастырады.