Қауіптің алдын алу мақсатында «Қазгипроводхоз» институтының мамандары бөгеттің құрылымын қосымша тексеріп жатыр. Оқиға орнында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, аудан әкімдігінің және Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының мамандары кезекшілік етуде. Жағдай толық бақылауда, су деңгейіне және гидротехникалық құрылымның жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізілуде.
Жағдай тұрақты, барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеуде.