«Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебін талқылау
2025 жылдың 15 сәуірінде ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Мырзахан «Еңбекшіқазақ ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысы туралы есебімен таныстырды.
2024 жылы бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 302, оның ішінде: А, "В", "Г", "Б" және "Д" санаттарындағы тракторшы-машинист куәлігін алу- 34, Тракторшы-машинист куәлігін ауыстыру-42, Машиналарды тіркеу- 222, Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру-4
Ауыл шаруашылық бөлімнің инстаграм сайтында, ауданның сайтында мемлекеттік қызметті алу тәртібі жарияланды. eGove mobile презентациясы өткізілді.
Бөлімде мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты мамандар және ішкі бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жауапты қызметкерлерді тағайындау туралы тиісті ережелерді қабылдады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, оның ішінде электрондық форматта, Еңбекшіқазақ ауданы (enbekshikazah.gov.kz) әкімшілігінің ресми интернет-ресурсында, «Электронды үкімет» веб-порталында (egov.kz), сондай-ақ Интернетте - «ХҚКО» РМК ресурстары.
Қызметтің тиімділігін бағалау критерийлерінің бірі қызметтердің уақытылы және сапалы орындалуы, азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алу бойынша қағидаларды, жұмыс барысындағы мәселелерді талқылап үнемі бақылауда ұстау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша, онлайн қызметтерді алу бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын үнемі жүпгізілсін.
Ссылка в соц.сеть:
https://www.instagram.com/p/DIxnGz-ygxB/?utm_source=ig_web_copy_link