Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру бойынша жұмыс жалғасуда

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік қызметтерді алу кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта құру бойынша жұмыс жалғасуда

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні аудан әкімдігінің жұмыс тобының мүшелері Көктөбе, Түрген және Бәйдібек би  ауылдық округі әкімдерінің аппараттарында мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік қызметтер алудың қолжетімділігіне қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Жұмыс сапарының нәтижесінде мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде олардың құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының мынадай бұзушылықтары анықталды.

Көктөбе ауылдық округі  әкімі аппаратының ғимараты мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы үшін толықтай бейімделген. Тұрғындар мен қонақтарға электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Балалар үшін "балалар бұрышы" ұйымдастырылған.

Түрген ауылдық округі әкімі аппаратында мүгедектігі бар адамдарға арналған пандус стандартқа сәйкес келмейді (пандуста сырғанауға қарсы жабын жоқ), зағиптар мен нашар көретіндер үшін жағдай жасалмаған, мүгедектер арбасына таңылғандар үшін дәретхананың есігі тар, есту қабілеті нашар және саңырау адамдарды, сондай-ақ мүгедектер арбасын шұғыл эвакуациялау схемасы жоқ. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында» интернет жоқ.

 Бәйдібек би ауылдық округі әкімі аппаратында мемлекеттік органның атауы жазылған маңдайшалар стандартқа сәйкес келмейді, мүгедектігі бар адамдарға арналған пандус стандартқа сәйкес келмейді, зағиптар мен нашар көретіндер үшін жағдай жасалмаған,  есту қабілеті нашар және саңырау адамдарды, сондай-ақ мүгедектер арбасын шұғыл эвакуациялау схемасы жоқ.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша көрсетілетін қызметті берушілерге тиісті ұсынымдар мен оларды орындау мерзімі берілді.

 

Еңбекшіқазақ ауданы әкімі аппаратының

 мемлекеттік қызметтер мониторингі

және ақпараттық технологиялар бөлімі